Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның үздік тауары» байқауының жыл сайынғы аймақтық іріктеуі өтті.
Аймақтық тур барысында сараптамалық комиссия елордада өндірілетін үздік тауарларды үш номинация бойынша анықтады: «Үздік өнеркәсіп тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары».
Байқауда Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жыл сайынғы байқаудың отандық тауар өндірісін, шағын және орта бизнесті дамыту ісіндегі маңыздылығын атап өтті.
"Біз өз еңбегімен бизнесті дамытып отырған адамдарды көріп отырмыз. Бұл өте маңызды, себебі біздің қаламыз да дамып келеді, болашағы зор. Қала басшылығы тауар өндірушілеріміздің деңгейін арттыруға барынша көңіл бөліп, назар аударатын болады. Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және қала тұрғындарына қатысқандары үшін алғыс айтамын",- деді Бахтияр Мәкен.
Ал елорданың Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісовтың айтуынша, биылғы жылы байқау-көрмеге компаниялардың рекордтық саны қатысты.
"Бұл жолы көрмеге астананың 100-ден астам компаниясы қатысты, олардың 70%-ы - жаңа қатысушылар! Ең үздік атану үшін телекоммуникация жабдықтарын, автомобиль және вагондық таразыларды, құрғақ құрылыс қоспаларын, қолөнер ірімшіктері мен спорттық тағамдарды, сондай-ақ тіс пасталарын, балалар киімдері мен ойыншықтарын, жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдерді өндірушілер күресті", - деді Алмат Жүнісов.
Айта кетейік, өңірлік байқау-көрмені елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырған - Нұр-сұлтан Кәсіпкерлер палатасы.
Конкурс жеңімпаздары: "ЗГМ "Пенетрон-Казахстан" ЖШС, "Целилингидромаш" ЖШС, "Компания" ВЭЛС" ЖШС, "DANMARD" ЖШС, "Қазақ ою-өрнектері" ЖШС, "Digital System Servis" ЖШС, "Kazak House" ЖК, "Golden Rill Group" ЖШС, "Алау ТМ" ЖШС.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024