Нұр-Сұлтан. 21 маусым. 7kun.kz – Нұр-Сұлтанның орталығында есірткі зертханасы анықталды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«20 маусымда полиция қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, бірінші қабаттағы жалға алынған бөлмеде өсіруге тыйым салынған есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірген екі ер адамды ұстады», – делінген хабарламада.
Қарасора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: шамдар, лампалар, желдеткіштер, ыдыстар, орау материалдары, электронды таразылар, тыңайтқыштар тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Күдіктілер Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024