Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Эльдар Сәрсеновке «Нұрбанк» АҚ ірі (жанама) қатысушысы мәртебесін алуға келісім берді, деп хабарлайды 7kun.kz іскер жаңалықтар агенттігі.
Бұл Эльдар Сәрсеновке JP Finance Group ЖШС -нің 100% акциясын және Нұрбанк акцияларының 87,87% -ын және (немесе) дауыс беруші акцияларының санын жанама түрде сатып алуға құқық береді.
Айта кетейік, бұған дейін «JP Finance Group» ЖШС арқылы банктің 87,86% акциясы Эльдар Сәрсеновтің әкесі Рашит Сәрсеновке тиесілі болды. Ендігі жерде үлкен Сәрсеновтің акциясы кіші Сәрсеновке тиеселі болмақ.
Эльдар Сәрсенов қазір банктің басқарма төрағасы. Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, ол «JP Finance Group» ЖШС -нің нақты үлесін сатып алған және банктің жанама ірі қатысушысы мәртебесін алған сәттен бастап төрағалықтан қызметінен кетуі тиіс. Әзірге Нұрбанк тарапы бұған қатысты пікір білдірмеді.
Эльдар Сәрсенов 36 жаста, банктің басшысы қызметін 2015 жылдың қарашасынан бері атқарып келеді.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024