Мұнай трейдингі мен металл өңдеу саласындағы ірі кәсіпкер Сәрсенов Рашит Темірболатұлы Нұрбанк иесі атанды. Бұл туралы KASE хабарламасында.
"Рашит Сәрсенов 2016 жылдың 8 сәуірінен бастап Нұрбанктың ірі қатысушысы статусына ие болды. 2016 жылдың 14 сәуірінде банк акционер «JP Finance Group» ЖШС-дан банк холдингінің жалғыз қатысушысының өзгергендігі туралы хабарлама алды", -деп жазылған мәтінде. Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рашит Сәрсенов «JP FINANCE GROUP» ЖШС-ның жалғыз қатысушысы болды. Енді JP FINANCE GROUP-қа тиесілі банк акциясының 82,81%-ын Р.Сәрсенов иеленеді. Ал 9,66% акция осыған дейінгідей Гүлмира Қойбағароваға тиесілі. Еске салайық, 2015 жылдың соңында Нұрбанктың директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Рашит Сәрсеновтың ұлы Эльдар Сәрсенов тағайындалған еді. Ол 2015 жылдың 30 қарашасынан бастап ресми түрде қызметіне кірісті.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024