Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қамаудағы Кәрім Мәсімовтің бауыры Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол – аса ірі көлемде пара алу ісі бойынша күдікті. Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өзінің Telegram-дағы ресми каналында хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, генерал-майор ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмыс жасады (аса ірі мөлшерде пара алу) деген күдікке ілінді.
"Аталған факті бойынша оның әрекеті сырттай сараланды және тергеу соты оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп түсіндірді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Ведомство қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланғанын хабарлады. Оның қазір қайда екені белгісіз. Жедел іздестіру, тергеу шаралары жүріп жатыр. "Тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп түйіндеді Антикор.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024