Алматы. 3 ақпан. 7kun.kz – Павлодар облыстық сотының судьясы Гомар Суханқұлов мемлекеттік айыптаушының жеке өтініші бойынша Нұрлан Мәсімовке қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарауға алған кезде бас тарту туралы шешім қабылдады, делінген сот қаулысында.
Сот алқасы сотталушыларға қатысты қылмыстық істі қабылдаған судьяның жиені іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жедел тергеу тобына қатысқанын анықтады.
Сондай-ақ іс материалдарында оның қатысуымен қабылданған іс жүргізу құжаттары бар. Бірақ ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес судья тергеушінің немесе анықтаушының туысы болса, онда ол істі қарауға қатыса алмайды.
Осыған байланысты істі қарауға тиіс судья бұл істі қараудан бас тарту туралы мәлімдеді және сот алқасы өтінішті қанағаттандырды.
Сотталушылар Н.М.Мәсімов, Д.Ш.Сиразидимов, Е.В.Евковичке қатысты қылмыстық іс басқа судьяның қарауына жіберілді.
Оларға 366-баптың 4-бөлігі («Аса ірі мөлшерде пара алу») және 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы («Аса ірі мөлшерде өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру») бойынша айып тағылып отыр.
Сонымен қатар Мәсімов 392-баптың 1-бөлігі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») бойынша айыпталуда.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024