Астана. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа жолданды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», – делінген хабарламда.
Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда.
Сондай-ақ олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда.
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024