Алматы. 6 қараша. 7kun.kz – ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы жайында баяндады.
Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 8,8 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден 11,6%-ға жоғары.
Министрдің айтуынша, 77 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайларын жақсартты, оның ішінде 9,5 мыңға жуық отбасы мемлекеттік қаржы есебінен салынған баспанаға қол жеткізді.
«Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға артып, (507,8 млрд. теңге) 818,9 млрд. теңгені құрады. Мемлекеттік инвестицияның 1 теңгесіне жеке инвестициялардан 8 теңге салынды (819,9 млрд.теңге/102,5 млрд.теңге). Биыл 12,1 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде 1,3 млн. шаршы метр немесе 22 мың пәтер мемлекеттік инвестиция есебінен тапсырылады», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға берукөлемі жағынан Астана (1,8 млн.ш.м), Алматы (1,3 млн. ш. м) қалалары мен Маңғыстау облысы (910,5 мың. ш.м) алда келеді. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру өсімінің қарқыны Шымкент қаласында (+48,6%) және Алматы облысы(+59%) мен Маңғыстау облысында (+37%) байқалады.
Мемлекет басшысының жолдауы аясында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды ұлғайту жоспарланып отыр.
«Биыл бағдарламаның бірінші бағыты бойынша халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін (184,5 мың ш. метр) 3470 пәтер салу жоспарлануда. Биыл 1 қазандағы есеп бойынша жалға берілетін 1176 пәтер (61,5 мыңш.м.) тапсырылды. Жалпы, Мемлекет басшысының жолдауы аясында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды 50 млрд.теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.
Пайдалануға берілген үйлерді қоспағанда жыл соңына дейін тағы 23 мың тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда (оның ішінде мем.инвестиция есебінен 13 133 пәтерден астам).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024