Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан Үкіметі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңі жобасын әзірлеуде.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Нұрлы жол» бағдарламасының 2020–2025 жылдарға арналған келесі кезеңін әзірлеуді тездету тапсырамын. Осы айда бағдарламаның тұжырымдамасын ұсыну қажет», - деді Асқар Мамин сейсенбі күні жаңа Үкімет отырысында.
Биыл 2015–2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталады.
А. Мамин бағдарламаны іске асыру Қазақстанның транзиттік әлеуетінің, сонымен қатар, инженерлік инфрақұрылымының дамуына үлкен үлес қосқанын атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024