Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп, - деп хабарлайды әуежай баспасөз қызметі.
2018 жылы Вильнюс, Тюмень-Челябинск, Сочи және Душанбе секілді жаңа халықаралық бағыттардың ашылуына байланысты әуежай халықаралық бағыт бойынша 1,8 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Ішкі бағыттағы жолаушылар көлемі де артып, осы уақыт ішінде 2,7 млн-нан аса жолаушы әуежай қызметіне жүгінген.
Ішкі бағыттағы танымал бағдарлар: Алматы, Шымкент және Атырау қалалары. Сондай-ақ, 2018 жылы Астана әуежайынан 30 мыңнан аса ұшақ ұшу сапарларын орындаған.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024