Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел астанасындағы №58 сайлау учаскесіне барып, таңдауын жасады.
«Бүгін барлық Қазақстан халқы Президент сайлауына қатысып жатыр. Әр уақытта әрбір елде осындай сайлау халық үшін, ел үшін тарихи шешім болып саналады. Ел халқы сайлау учаскелеріне келіп өзінің болашағына таңдау жасайды. Ел аман болуын, еліміз өркендеп өсе беруін, әрбір отбасыда жақсылық болғанын тілейміз», - деді Елбасы.
Аталған сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Іргебаеваның сөзіне қарағанда, учаскеде 3 417 сайлаушы тіркелген.
«Бүгін дауыс берушілердің жоғары белсендігін күтіп отырмыз. Аса құрметпен бұл учаскеде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлын күттік. Тұңғыш Президент осыған дейінгі болған сайлауда да осы учаскеде дауыс берген болатын», - деді Қ. Іргебаева.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024