Нұрсұлтан Назарбаев: Төл теңгеміз - мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы маңызды белестердің бірі
Алматы. 15 қараша. 7kun.kz - Бүгін Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің ҮІІІ конгресінің алғашқы күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынға ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ шетелдік орталық банктердің басшылары қатысып жатыр.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев өз сөзін мемлекет басшысының құттықтауымен бастады.
«Төл теңгемізді айналымға енгізу - мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы маңызды белестердің бірі. Теңге өз қаржылық жүйемізді қалыптастыруды, дербес ақша-несие саясатын жүргізуімізді қамтамасыз етті. Содан бері ел экономикасының ахуалы айтарлықтай өсті. Шетелден тартылған инвестициялар көлемі - 300 млрд доллардан, ал халықаралық қорымыз 86 млрд доллардан асты. Қазіргі таңда институционалды реформалар жүзеге асырылып келеді. Бүгінде халықаралық қаржы жүйесінің одан әрі жетілдіру үшін оңтайлы шешім іздеу қажеттілігі туып отыр. Конгресс сындарлы ой пікір алмасатын, еліміздің әл-ауқатын арттырып, орнықты даму үшін мемлекеттер арасында қаржылық ынтымақтастықты нығайтудың жаңа әдістерін әзірлейтін тиімді баспасөз алаңы болады деп сенемін», - деді Ерболат Досаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқи келе.
Айта кету керек, бүгін Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі басталды. Маңызды жиын төл теңгеміздің дүниеге келгеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Өз сөзінде бас банкир Қазақстанның ұлттық валютасының ел экономикасына ықпалы туралы тілге тиек етті.
Сонымен қатар, Данияр Ақышев сақтандыру нарығының болашағы туралы болжамымен бөлісті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024