Нұр-Сұлтан. 28 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядан Қазақстанға оралды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісінде хабарлады.
Оның жазуынша, Тұңғыш президент Түркияда демалысын туыстары мен жақындарының ортасында өткізген.
«Анонимді дереккөздердің түрлі қауесетіне қарамастан, тұңғыш президент демалыс кезінде шетелдік ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен ешқандай кездесу өткізген жоқ», - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін телеграм-арналарда Нұрсұлтан Назарбаев саяси және бизнес элита өкілдерімен кездесті деген ақпарат тараған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024