Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — Парламент Сенатының бюросының мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Тұңғыш Президентіне «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы бастамасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы Парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен Парламент Сенаты бюросының отырысында «Құрметті Сенатор туралы» Ереже қаралды.
«Елбасының басқаруымен тәуелсіздік кезіндегі Қазақстанның жеткен жетістіктері Елбасының осы бастаған жолының да, бағытының да дұрыстығын көрсетеді. Елбасы Сенат жұмысына әр уақытта терең мән берді, Сенат жұмысының ыңғайлы болуына барлық мүмкіндікті жасап отырды. Сенат өмірі Елбасының қойып отырған барлық мақсаттарымен тікелей тығыз байланысты болып келе жатыр», - деді төраға орынбасары Бектас Бекназаров.
Сондай-ақ, сенатор Бірғаным Әйтімова Елбасының Сенат отырыстарында сөз сөйлеп, кез-келген тақырыптар бойынша ұсыныстар айту, еліміздің барлық азаматтары мен мемлекеттік институттардың тыныс-тіршілігі туралы өз ойларын ортаға салу мүмкіндіктерінің маңызды екенін атап өтті.
«Елбасы мемлекет қалыптастырушы, Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы тұлға ғана емес, қос Палаталы парламентаризмнің де негізін салған қайраткер. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл ұсынысын біз қолдаймыз және әбден орынды деп есептейміз», - деді М.Құл-Мұхаммед.
Айта кетейік, «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешімді ҚР Парламенті Сенаты 30 мамырда өтітін кезекті отырыста қабылдайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024