Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры ҚБТУ-ды сатып алды

Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры ҚБТУ-ды сатып алды

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» ҚҚ «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ-ның (ҚБТУ) 100% акцияларының иегері болды, мәміле сомасы 11,37 млрд теңгені құрады.

Хабарламада мәміле сомасына ҚБТУ ғимараты мен жатақхана кіретіні көрсетілген.

Сауда 2018 жылғы 9 қарашада өтті.

«ҚБТУ-дың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, мынадай шарттар қарастырылған: 10 жыл ішінде ҚБТУ қызметінің бейінін сақтау, білім беру және ғылыми қызмет мақсатында ҚБТУ ғимараттарын пайдалануды қамтамасыз ету; 5 жыл ішінде студенттердің жатақханаларда тұруының қазіргі жағдайын сақтау», - делінген хабарламада.

Шектеу мерзімі аяқталғаннан кейін жаңа меншік иесі нысанды дамыту шарттарын дербес анықтайды.

ҚБТУ ғимараты 1951-52 жылдары салынған. Кеңес жылдары онда Қазақ КСР Компартиясының Жоғарғы Кеңесі, Министрлер Кеңесі және Орталық Комитеті орналасқан.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың білім қоры» қоғамдық қоры 1998 жылы құрылған. Қор жетекшілігімен Астана, Алматы және Атырау қалаларында «Мирас» үш инновациялық балабақша, Астана және Алматы қалаларында «Мирас» халықаралық мектебі және Алматы халықаралық мектебі, «Арыстан» мамандандырылған лицейі құрылды. Білім қоры екі жоғары оқу орнының тең құрылтайшысы: Халықаралық бизнес университеті (UIB) және халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU).

Похожие материалы