Астана. 20 қаңтар. 7kun.kz – Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа жасалған ота бір жыл бұрын жоспарланған. Бұл туралы белгілі кардиохирург Юрий Пя айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, бұрынғы преизденттің жұмыс кестемінің тығыздығына байланысты операцияны өзіне ыңғайлы кезде жасауды ұйғарған. Сол себепті ота бүгін жасалған.
«Диагнозға қатысты кейбір сұрақтар бар – бұл науқастың жеке басының құпиялығы. Әркім ақпаратты жарияламауға құқылы», – деді ол.
Оның айтуынша, ота сәтті өтті.
«Еліміздің медицинасына азаматтардың ғана емес, ел басшылығының да сенімі бар. Мен әр пациентке ең жақын адамдай қараймын. Әр операция алдында үнемі алаңдаймын», – деді Пя.
Ол бұрынғы президенттің жағдайы жақсы екеніні атап өтті.
«Жақын арада ауруханадан шығарылады. Операция 2,5 сағатқа созылды. Бұл операция емес, процедура, яғни диагностикалық және емдеу процедурасы», – деді дәрігер.