Нұрсұлтан Тасқаранов Сбербанк Қазақстанның басқарма төрағасы болып тағайындалды
Қазақстан. 11 шілде. 7kun.kz – Ресейлік «Сбербанктың» Қазақстандағы еншілесінің директорлар кеңесі Нұрсұлтан Тасқарановты банктың басқарма төрағасы етіп тағайындады, Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Тасқаранов басқарманың бұрынғы төрағасы Елдар Теңізбаев қызметінен кеткеннен кейін банктің басшысы қызметін атқарған еді.
Ол ресейлік «Сбербанкте» 2002 жылдан бастап жұмыс істейді, ал 2012 жылы Қазақстандағы қаржы институтының «еншілесінің» басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Сонымен қатар банктің директорлар кеңесі банк басқармасының құрамын алты адамға дейін кеңейту туралы шешім қабылдады. Кеңес құрамына басқарма басшысы Нұрсұлтан Тасқаранов және оның бес орынбасары кірді: бөлшек сауда блогының жұмысына жауапты Магомед Гулаев, қаржы және операциялық блоктарға жетекшілік етуші Анастасия Овсянникова, құқықтық және әкімшілік-шаруашылық блоктарға жетекшілік етуші Владимир Савченко, құқықтық және әкімшілік-шаруашылық блоктарға жетекшілік етеді және проблемалы активтермен жұмыс жүргізетін Георгий Аракелян мен Александр Титов.
Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, «Сбербанк» Қазақстан АҚ ЕБ 2022 жылғы 7 шілдеде оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізіп, онда ірі мәміленің талаптарына өзгерістер енгізу, соның ішінде банкті сату туралы мәселе талқыланды.
Сондай-ақ, қазақстандық «Бәйтерек» мемлекеттік холдингі қазір Сбербанктің қазақстандық еншілесін сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатығаны да хабарланған болатын.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Сбербанктің еншілес ұйымы елдегі 22 банк арасында активтерінің көлемі бойынша екінші орында тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024