Астана. 22 сәуір. 7kun.kz - Душанбеде өткен сауда миссиясында қазақстандық кәсіпкерлер Тәжікстанға жүк тасымалын кеңейтті, деп хабарлады «KAZAKH INVEST».
Тәжікстан астанасында өткен бизнес-форумға 120 қазақстандық тауар өндіруші қатысты. Жиында Қазақстаннан Тәжікстанға жеткізетін жалпы құны 60 млн АҚШ долларын құрайтын шарт жасалды.
Келісім бойынша, май өнімдері, ұн өнімдері, күріш, консервіленген азық-түлік, дәрі-дәрмек, аккумулятор батареялары, кран жабдықтары, сорғы жабдықтары, шатыр және қасбеттік жүйелерді, шыны-қауырсын құбырлары, бояу және басқа да өнімдер жеткізіледі.
«KAZAKH INVEST» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкеновтың айтуынша, «Қазақстандық өнім тәжікстандық тұтынушыларға кеңінен таныс. Сыртқы сауда көлемі бойынша Қазақстан Тәжікстанның жетекші серіктестерінің үштігіне кіреді.
Еске салсақ, өткен жылы екіжақты тауар айналымы 590,3 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2015 жылға қарағанда 1,1% -ға жоғары көрсеткіш.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024