Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 1543,3 шақырым жол мен 19 көпірдің жөндеу жұмыстары басталған болатын. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр өңірде 762,2 шақырым жол мен 19 көпір ел игілігіне тапсырылды. Ал қалған 781,1 шақырым жол 2018 жылы пайдалануға берілетін болады. Аталған мақсатқа облыстық бюджеттен 27 млрд 269,2 млн теңге бағытталса, облыстық маңызы бар 51 нысанға 6,5 млрд теңге, аудан, қала әкімдіктеріне 417 нысанға 9,8 млрд теңге және Шымкент қаласының 112 нысанына 10,9 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім етті.
Облысымыздағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 20 928,9 шақырымды құрайды. Оның 837 шақырымы республикалық, 4261,2 шақырымы облыстық, 1 642,7 шақырымы аудандық маңызы бар. Бір ғана Шымкент қаласының өзіндегі көшелердің ұзындығы 2810,9 шақырымға жетеді.
2017 жыл соңында жөндеу жұмыстары жүргізілген 51 нысанның 22-сі пайдалануға берілсе, қалған 29-ы 2018 жылға өтпелі болып отыр. 2016-2017 жылдар аралығын салыстыратын болсақ, автомобиль жолдары саласында барлық көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. Атап айтқанда, нысан саны – 147,4 пайызға, шақырым ұзындығы – 158,5 пайызға, қаралған қаржы көлемі – 106,5 пайызға ұлғайған.
Өңір аумағындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 410 көпір бар. Оның 291-ы қанағаттанарлық жағдайда болса, 119 көпір жөндеуді қажет етеді. 2017 жылы соның 19-ы күрделі жөндеуден өткен. Оған қоса, 24 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге тиісті құжаттама әзірленіп жатыр. Қалған 77 көпір кезең-кезеңімен тиісті құжаттар әзірленіп, қалпына келтірілетін болады.
Айта кетейік, көпірлерді техникалық күтіп- ұстау жұмыстармен «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық мекемесі айналысады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024