Экономика
Выбор редактора
Регионы
ОҚО-да "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 429 жоба жасалған
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысында шымкенттік кәсіпкерлер кәсіпорындарын жетілдіріп, өнімдерін өткізу жолында жаңа нарыққа шығуда. Бұл жөнінде "Инсайт Медиа" агенттігі хабарлайды.
2015 жылдың 08 қыркүйегінде «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қоры» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур өткізді. БАҚ өкілдеріне мәлім болғандай, бағдарламаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінен бастап 119,4 млрд. теңге сомасындағы 429 жоба бойынша келісімшарт жасалған. Қала кәсіпкерлерімен несие бойынша ішінара кепілдік тағайындауда жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгенің 70 келісімшарты жасалған («Даму» Қорының ішінара кепілдік соммасы 1,5 млрд теңгені құрайды). Шымкент қаласы территориясынан тыс 32 бизнес-жоба қолдауға ие болған, кепілдеменің жалпы сомасы – 732,0 млн.теңгеден астам. «Аймақтағы өз саласын иемденген ШОБ өкілдері, заманауи жабдықтарды сатып алу арқылы шығындарын қысқартып әрі өз мүмкіндіктерін кеңейтуде, - дейді ОҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау» АҚ аймақтық филиалының директоры Бақыт Мұсабаев. – Қолдау жобаларының бір бөлігі өнімдер мен қызмет түрлерін Қазақстан мен Орталық Азия нарығына шығаруға бағытталған».Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024