Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО-да дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі

ОҚО-да дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі

Шымкент. 9 қазан. 7kun.kz — ОҚО-да дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі. Бұл туралы ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді деп хабарлайды облыстың баспаcөз қызметі.

Мұқан Егізбаевтың сөзінше, 1 миллион теңге дәрігерлерге Оңтүстік Қазақстан облысында ғана беріледі. Бірақ келісім бойынша ауылды жерлерге жұмысқа баратын мамандарға бес жыл қызмет ету міндеттеледі. Бұған дейін бұл мерзім үш жыл болатын.

«Бұған дейін ауылды жерлерге барған дәрігерлерге 100 мың теңгеден бір реттік көмек беріліп келді. Алайда бұл мәселе облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен қайта қаралып, облыстық мәслихаттың шешімімен ауылды жерлерде дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында ауылды жерлерге жолданатын мамандардың әлеуметтің көмек пакетіне өзгерістер енгізілді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық жерге жолданатын жас мамандар бір реттік 1 миллион теңге көмек алатын болады», - деді Мұқан Кеңесбекұлы.

Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласында кешенді медициналық ақпараттық жүйе енгізіліп жатыр. Бұл мақсатта 8582 компьютерлік техника сатып алынған. 2017 жылдың соңына дейін барлық медициналық ұйымдары 100 пайыз компьютерленеді. Қағаз түріндегі құжат айналымы азаяды. Бұл пациенттердің медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Оңтүстік тұрғындары республикада алғашқы болып электрондық денсаулық паспорттарын алады.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы