Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz - 2017 жылы Оңтүстік өңірде индустриаландыру бағдарламасы арқылы 17 жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткізген брифингінде хабарлады.
Онда әкім өткен жылдың қорытындысымен облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сақталғанын жеткізді. Мәселен, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,1 пайызға артып, 2 трлн 808,4 млрд теңгені құраған.
«2015-2019 жж. Индустриаландыру бағдарламасы аясындағы республикадағы 630 жобаның 135 немесе 21,4% облысымыздың үлесінде. Бағдарлама облыста іске асырылғаннан бері жалпы құны 206,6 млрд. теңгеге, 9,5 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 159 жоба іске қосылып, 101 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Осы жылы бағдарлама аясында 37 млрд теңгеге 17 жобаны іске қосу, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Осы жылдың үш айында 1,7 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асты», - деді әкім.
Экономикалық дамудың жаңа моделіне тоқталған аймақ басшысы Оңтүстік Қазақстан бірқатар салаларда елімізде көшбасшы екенін атап өтті. Мәселен, республикада облыстың ауыл шаруашылығының өнім көлемінің үлесі 12,3 пайызды құрайды. Жекелей тарқатып айтсақ жылыжайлар - 1123 га, республикадағы үлесі - 80%, мақта - 286,7 мың тонна, үлесі - 100%, бақша – 1 млн 264,5 мың тонна, үлесі - 61,1%, жүзім - 51,4 мың тонна, үлесі - 68,5%, жеміс - 90,7 мың тонна, үлесі - 37,8%, көкөніс - 944,2 мың тонна, үлесі - 25%.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстанда тоқыма кластерін дамыту мақсатында құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта бүгінгі таңда 10 жоба іске қосылып, 1056 жұмыс орны ашылған. Бұл аймақта орналасқан 2 кілем фабрикасы өңірде алғаш рет заманауи технологияларды қолдана отырып сәтті жұмыс істеп келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024