Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz - Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының бөлім басшысы Перизат Қонысбаева мәлім етті. Бөлім басшысының хабарлауынша, өткен жылдың қазан айында құрылып, туризм саласына қатысты тиісті жұмыстарды атқарып келе жатқан орталықтың ресми ашылуы 28 сәуір күні өтпек.
Орталық – негізінен, аумақтың туристік әлеуетін маркетингтік жылжыту мен туристерді ақпараттық қамсыздандыру, туристік салаға талдау жасау, түрлі іс-шараларды тартуға жәрдемдесу және ұйымдастыру мәселелерімен айналысып, «бір терезе» қағидасымен жұмыс жасамақ. Онда туроператорлар, гид-аудармашылар, көші-қон қызметі және транспорттық компаниялар өкілдері отырады.
«Бүгінгі таңда туристерді шақыру мақсатында орталықпен жақын және алыс шетелдік ұйымдардың тізімі белгіленген. Нақтырақ айтсақ, басым елдер арасынан Орталық Азия нарығына жұмыс жасайтын 500 туроператор мен конвеншн орталықтарының тізімі түзілді. Сонымен қатар, 505 зиярат жасайтын тарихи-археологиялық нысандар мен жиі баратын орындардың тізімі жасалды», – деді Перизат Тайбекқызы.
Айта кетейік, орталықтың күнделікті жұмысы туралы толыққанды ақпаратты ontustiktravel.kz сайты немесе оның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан біліп отыруға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024