Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО-да шаруалар шетелдік тәсілмен егін егіп жатыр

ОҚО-да шаруалар шетелдік тәсілмен егін егіп жатыр

Шымкент. 20 наурыз. 7kun.kz - Шардара ауданына швейцариялық «Сингента» компаниясының өкілдері келіп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе алмасты. Бұл туралы облыстың баспасөз қызметі хабарлады.

Тұқымдық шитті дәрілеумен айналысатын компания елімізде өкілдігін ашып, арам шөптер мен зиянкестерге қарсы химикаттар жасап шығаруды қолға алды. Күнбағыс, көкөніс дақылдарының тұқымдық шитін өндіруді де жолға қойды. Қазір фирма өкілдері шалғай аудандарға барып, шаруаларға егістіктегі арам шөптерді жоюдың әдіс-тәсілдерін үйретіп жатыр.

«Шаруаларға қазіргі таңда гербицидтер 50 пайыздық жеңілдікпен беріліп жатыр. Оларға  біз құжат береміз. Құжаттарын аудандық ауыл шаруашылық бөліміне, әкімшілікке өткізіп, арам шөптер мен зиянкестерге қарсы дәріні жарты бағасына ала алады»,- дейді компания өкілі Нұржау Әбдіғаппаров.

Похожие материалы