Шымкент. 30 маусым. 7kun.kz - Оңтүстік өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен 503 мың кәсіпкердің 250-інің ісі заңды тіркемеген. Бұл туралы ОҚО кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мәлімдеді.
Соның салдарынан бюджетке келген шығын көлемі орта есеппен 2,5 млрд теңгеге жетті. Бұл ақпарат «Оңтүстік Қазақстан облысы – климат үшін оңтайлы өңір» жобасын жүзеге асыру барысында анықталды. Бастама өткен жылы өңіріміздегі кәсібін дөңгелетіп жүрген жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қолға алынған.
Облыс әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен облыстық прокуратураның қызметкерлері заңсыз әрекетті әшкерелеп, тиісті жұмысты атқаруға кірісті. Жауапты мамандардың мәліментінше, тіркелмеген кәсіпкерлер ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық кодексінің 463-бабы – азаматтық заң-талаптарын бұзғаны үшін жазаланады.
Ал салықтан жалтарған кәсіпкерлерге 15-150 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынады.
Айыппұлды өтеген кәсіпкер тіркелмеген заңсыз кәсібін жалғастырған жағдайда, төленетін айыппұлдың құны еселенеді. Яғни, кәсіпкер мемлекетке 30-дан 500 айлық есептік көрсеткішке дейін төлеуге міндеттеледі.
Статистика департаментінің дәйегіне сенсек, бүгінде бір ғана Оңтүстік өңірінде шағын және орта кәсіпкерліктің 215 мың 317 субъектісі тіркелкен. Оның 84 пайызы белсенді жұмыс атқарып келеді.
Дереккөз: otyrar.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024