Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz - Сарыағаштағы жағдайға байланысты қозғалған қылмыстық істің тергелу барысы облыс прокурорының бақылауында. Тергеудің жан-жақты, толық және объективті жүргізілуі қамтамасыз етіледі. ОҚО прокуратурасы осындай ақпарат таратты.
«Бұл күндері түрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімге зорлық жасалды» деген ақпарат таратылуда. Аталған дерек бойынша биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Сарығаш ауданының ішкі істер бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу аясында сот психологиялық-психиатриялық сараптамалар тағайындалды. Олардың қорытындылары әлі дайын емес. Нәтижесі бойынша Астана қаласында арнайы мамандардың қатысуымен кешенді сот-медициналық сараптамасы жүргізіледі. Жасөспірімнің жеке өміріне қатысты мәліметті қорғау мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 96-бабына сәйкес қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Оңтүстік Қазақстан облысының уәкілетті органдарының өкілдері, психологтар жасөспіріммен және оның туысқандарымен кешенді психологиялық жұмыс жүргізуде», делінген хабарламада.
Прокуратура сондай-ақ, істің қатысушылары кәмелеттік жасқа толмағандықтан олардың құқықтарын, тергеу құпиясын, жалпы құпиялылықты сақтауды сұрайды. Және оқиғаның нәтижесі туралы кеңінен хабарламақ.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024