Шымкент. 8 ақпан. 7kun.kz - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында алғаш рет ирандық инвесторлардың қатысуымен ірі көлемде ет және ет өнімдерін дайындайтын жаңа комбинат ашылды. Ет комбинаты тәулігіне 60 тонна ет экспорттауға қауқарлы. Бұл туралы Оңтүстік қазақстан облысы баспасөз қызметі хабарлады.
Мұнда тәулігіне 3000 бас ұсақ мал мен 200 бас ірі қара сойылып, әзірленеді. «ЮКО-ЭКО-FOOD» ет комбинаты бұл жобаны Иран Ислам мемлекетімен бірлесе бастап отыр. Бұл серіктестіктің ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен Иран Ислам Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Мирлоги Сейедалиакбар Агареза қатысты.
Комбинат көлемі 15 га құрайды. Оның 2000 шаршы метрден астам аумағы өндірістік құрылымға негізделген. Кәсіпорын толық қуаттылығына шыққанда 5 мың ұсақ мал еті өндіріп, жергілікті 350 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Комбинат германиялық технологиямен жабдықталған. Жобаның инвестициялық құнының 75 пайызын ирандық инвесторлар салған. Күніне 60 тоннадан астам экологиялық таза ет Иранға экспортталады.
Жансейіт Түймебаев екі жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Мирлоги Сейедалиакбар Агареза бастаған делегациямен кездесті. Жиын барысында тараптар бірлескен кәсіпорындар құру, технологияларды жетілдіру, ауылшаруашылығы салаларын дамыту мәселелерін талқылады. Өңір басшысы қонақтарға аймақтағы іскерлік және инвестициялық ахуал мен шетелдік инвесторларға көрсетілетін жеңілдіктерді түсіндірді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024