Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Сарыағаш ауданында жергілікті кәсіпкерлермен жүздесті. Бұл жерде демалушыларға қызмет көрсету сапасы мен деңгейін халықаралық дәрежеге дейін көтеруге бағытталған жаңа жоба қолға алынбақ. Мұндай хабарлама облыс әкімдігінің сайтында жарияланды.
Аумағы 600 гектарлық жерге 1500 орындық курортты қала салу жоспарланып отыр. Ол жерде жайлы демалыс пен сауықтыру үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Осы жобаның жүзеге асуы үшін бизнесмен-инвесторлар бірлесіп жұмыс жасауы тиіс. Облыстық бюджеттің есебінен хауыздар салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Курортты аумақта тиісті инфрақұрылым жасалады. Шымкентте жаңа әуежай, темір жол станциясы мен автовокзал салынады. Сарыағашқа жүйрік пойыздар тоқтап, жолаушылар автобусы үздіксіз жүретін болады. Кәсіпкерлер жобамен танысты. Олар бұл жобаға үлкен қызығушылық танытып отыр. Бизнесмендер канализациялық желі өткізуге көмек сұрады. Бұл мәселені облыс әкімі қарайды. Сонымен бірге, курортты аймақта балалар аттракциондары, спорт алаңдары мен шығыс стиліндегі сауда қатарлары салынады деген жоспар бар. Аймақ басшысы аталған жобаның жүзеге асырылуына баршаның ат салысқаны жөн дейді. Бұл тек облыс емес, респуиблка үшін де өте маңызды. Облыс әкімінің орынбасары С. Тұяқбаев бастаған жұмысшы тобы құрылды. Жоба жұмыстары осы жылы жүзеге асырыла бастайды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024