
Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Өткен жұмада Сеулдің орталық аймақтық соты Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хені 24 жылға соттау туралы үкім шығарды, деп хабарлайды YTN телеарнасы.
Сонымен қатар экс-президент 16,9 млн доллар айыппұл төлейді.
Сот 66 жастағы Пак Кын Хені 16 түрлі айып бойынша кінәлі деп таныды. Телеарнаның хабарлауынша, экс-президент үкім оқылған сотқа қатыспаған.
Айта кетейік, ол қызметінен 2017 жылдың көктемінде кетіп, 18 түрлі айып бойынша қамауға алынған. Оның ішінде жемқорлық пен мемлекеттік құпияны ашу да бар. Қылмыстық іске оның құрбысы Чой Сун Силь де қатысқан. Ол президентпен достығын пайдаланып мемлекеттік іске араласқан, Samsung, Lotte, SK сынды ірі компаниялардан ақша бопсалаған.
Биылғы ақпанда Чой Сун Силь 20 жылға сотталып, 16,6 млн доллар айыппұл төледі. Сонымен қатар, осы іс бойынша президенттің құрбысына пара берген Lotte Group конгламератының директорлар кеңесінің төрағасы Син Дон Бинді 2,5 жылға соттау туралы үкім шығарды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025