Астана. 19 сәуір. 7kun.kz - "Нұр Отан" партиясының Мәжілістегі фракциясының бір топ депутаты оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларды мемлекет есебінен баспанамен қамтуды ұсынды. Бұл туралы sputnik.kz жазды.
"Біздің депутаттың сауалымызға, президент жолдауына сәйкес, еңбек нарығын жаңғырту мақсатында еңбеккерлерді артық жұмыс күші бар өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандырудың өзекті мәселелері арқау болды. Осы мемлекеттік тұрғыдан алғанда, аса маңызды істің жергілікті жерлерде орындалуы қанағаттанарлықтай емес. Өткен жылы Үкімет қаулысымен жұмыс күші артық өңірлерде тұратын отбасыларды жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныстандыруға бөлінген 463 квотаның 196-сы ғана игерілген. Яғни тиісті тапсырма небәрі 42 пайызға ғана орындалған. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы ғана айрықша мүдделілік танытып, өткен жылы квотадағы 110 отбасының орнына 129 отбасыны қабылдады", — деді Кәрібай Мұсырман үкімет басшысының атына жолданған депутаттық сауалда.
Депутаттар алдағы уақытта тұрғындарды жұмыс күші артық өңірлерден еңбек күші жетіспейтін облыстарға қоныстандыру шараларының қарқыны мен ұтымдылығын арттыру мақсатында өз ұсыныстарын жеткізді.
"Үкімет бөлген квотаның өткен жылы толық игерілмеуінің негізгі себебі осы екендігі ескерілуге тиісті. Сонымен қатар тұрғын үйді жалға алу келісімшартында егер қоныс аударушының отбасы кемінде 5 жыл бойы тұрған жағдайда оған сол тұрғын үйді тегін жекешелендіру құқығы берілуін қарастыру керек", — деді Мұсырман.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024