Алматыдағы OBI құрылыс супермаркеті жабылуда, деп хабарлайды Forbes.kz.
Іскерлік сайттың жазуынша дүкенде аз ғана қызметкер қалған, ғимараттың іші бос тұр, қалған тауарлар сатылуда. Компанияның
2gis-тегі профайлы мен әлеуметтік желідегі акккаунттары, интернетте көрсетілген телефон нөмірлері өшірілген.
OBI франшизасының Қазақстандағы иесі Asadel компаниясының сайты да өшіп тұр.
Қазақсстандағы алғашқы OBI құрылыс дүкені 2018 жылы ашылған. Forbes.kz -тің жазуынша ашылу кезінде
Asadel компаниясының президенті Ерлан Сейсембаев жобаға
$25 млн инвестиция салынғаны, салым 7-8 жыл көлемінде ақтайтынын айтқан. Алайда дүкен тек 4 жыл жұмыс істеді.
Еске салайық, наурыз айында ресейлік OBI Украинадағы соғысқа байланысты жұмысын тоқтатқан еді. Сол тұста аталған гимермаркеттерді Ерлан Сейсембаевқа тиесілі Asadel холдингі сатып алуы мүмкін деген ақпарат тараған. Алайда кейін Asadel компаниясы Kursiv.media сайтына берген ақпаратында мұны жоққа шығарды.
Германиялық OBI GmbH & Co компаниясына тиеселі OBI құрылыс және шаруашылық заттарының желісі 1970 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде әлемнің 11 елінде 570 дүкені бар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024