Астана. 23 мамыр. 7kun.kz - Жақында Астана қаласының «Нұрбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «ForteBank» АҚ ЕБ филиалдарында «Astana-Retail» бағдарламасы бойынша көтерме-бөлшек сауда мен өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналып 2 млрд теңге салынады.
Жылдық мөлшерлемесі 8,5 пайыздық несие 36 айға дейін беріледі. Айналым қаражатын толықтыру мақсатында 200 млн теңгеге дейін алуға болады. Бұл бағдарлама бойынша да қаржыны кәсіпкер Астана қалалық әкімшілігі жанындағы Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімінен кейін ала алады.
Костанай облысындағы «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФБанк» АҚ (қазірдің өзінде 100 млн теңге салынған) филиалдарында «Қос Қолдау» бағдарламасы аясында 500 млн теңге салынады. Бағдарламаға салалық шектеу қойылмайды. Кәсіпкерге 8,5 пайызбен инвестиция үшін 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға деп 36 айға дейін беріледі. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін 50 млн теңгеге дейін, ісін жаңа бастағандар үшін 20 млн теңгеге дейін айналым қаражатын толықтыру мен инвестиция үшін бөлінеді.
Жуық арада Ақтөбе облысындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФ Банк» АҚ филиалдарында «Актобе ЖасСтарт-2» (қазірдің өзінде» Қазақстан Халық Банкі» мен «АТФ» банкіне 150 млн теңге түскен) және «Кең дала-2» бағдарламасы (қазірдің өзінде» Қазақстан Халық Банкі» мен «АТФ» банкіне 500 млн теңге түскен) бойынша 1 млрд теңге салынады.
«Ақтобе ЖасСтарт-2» - 29 жасқа дейінгі, Ақтөбе облысында тіркелген (Ақтөбе қаласы емес) кәсіпкерлерге арналған. «Кең Дала» Ақтөбе облысында тіркелген (Ақтөбе қаласы емес) кәсіпкерлер үшін.
Бағдарламаларға салалық шектеу жоқ. Жылына 8,5 пайыздық мөлшерлемемен 60 айға дейін беріледі. «Ақтобе Жас Старт» бағдарламасы бойынша 20 млн теңгеге дейін, «Ақтөбе Кең Дала» бағдарламасы үшін 30 млн теңгеге дейін айналым қаражатын толықтыру мен инвестиция үшін алуға болады.
Айта кетейік, жыл басынан бері «Даму» Қоры мен облыс әкімшіліктері өңірлердегі шағын және орта бизнеске 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Толық ақпаратпен мына сілтеме http://business.gov.kz/memorandum арқылы танысуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024