Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ө.Шөкеев: 2015 жылдың соңында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 300 млрд теңге табыс түседі деп күтілуде

Ө.Шөкеев: 2015 жылдың соңында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 300 млрд теңге табыс түседі деп күтілуде

2015 жылдың соңында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына 300 млрд теңге табыс түседі деп күтілуде. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

«Осы жылы мұнай бағасының құлауына байланысты «ҚазМұнайГаз» кірістердің көп бөлігін жоғалтты. Темір жол арқылы тасымал бірден қысқарды. Ресейдегі санкцияға байланысты электр энергиясы төмендеді. Бұл жағдайда екі мәселеге ден қойылған: компанияның қаржылық тұрақтылығын сақтау және салалардағы физикалық көлем индексін қамтамасыз ету. Біз «ҚазМұнайГаз» бойынша мына істі жүзеге асырдық, Қашағанның 50 пайыз акциясын сатып алдық», - деді ол.

Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы қаржылық жағдайдың бөлігіне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Физикалық көлемдерге келетін болсақ, осы жылы мұнай, газ және әуетасымалдау саласында өткен жылмен салыстырғанда 3 пайыз өсім байқалады. Энергетиканың темір жол жобалары бойынша түсу байқалады, бірақ ол транзит көлемімен кепілдендіріледі. 2015 жылдың соңында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 300 млрд теңге табыс түсуін күтуде», - деді ол. Фото: kaz.tengrinews.kz

Похожие материалы