2016 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,3%-ға төмендеді. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Наурыз айында 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 11,1%-ға төмендеді, өңдеу өнеркәсібінде – 8,5%-ға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға 3,9%-ға төмендеді, өндірістік сипаттағы қызметтерге – 2,4%-ға жоғарылады.
Жыл басынан бергі кезеңде өндірушілер бағасы мұнайға – 15%, сұйытылған пропан және бутанға – 8%, мазутқа – 1,2%-ға төмендеді, табиғи газға – 15,1%, металл кендеріне – 11,7%, бензинге – 1,4%-ға жоғарылады.
Бағаның қорғасынға – 23,1%, асыл металдарға – 22,2%, мырышқа – 14%, мысқа – 11%, алюминийге – 9,4%, қара металдар илегіне – 4,3%-ға жоғарылауы тіркелді.
Өндірушілер бағасының шайға – 21,2%, қантқа – 15,8%, жармаларға – 11,3%, өсімдік майына – 10,6%, балыққа – 7,6%, бидай ұнына – 7,5%, қара бидай ұнына – 5,1%, макарон өнімдеріне – 5,7%, нанға – 5%, сүт өнімдеріне – 4,9%, құс етіне – 4,7%, мал етіне – 2,4%-ға жоғарылауы байқалды.
[caption id="attachment_40242" align="alignnone" width="782"] Дереккөз: Статистика комитеті[/caption]Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024