2016 жылдың қаңтарында өнеркәсіптік өнімдердің нақты көлем индексі 99,3% құрады. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады.
2016 жылғы қаңтарда 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Сусындардың, темекі, мұнай өңдеу және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды. Сонымен бірге, табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті. Тамақ өнімдерінің, химия, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Төмендеу Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында тіркелді. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 9 өңірінде байқалды.2016 жылғы қаңтардағы өнімнің жеке түрлерінің өндірісі
Өндірілгені | 2015 жылғы қаңтарға пайызбен | |
мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн.тонна | 6,8 | 99,5 |
мыс кендері, млн.тонна | 5,7 | 184,4 |
ұн, млн.тонна | 0,3 | 108,1 |
бензин, млн.тонна | 0,2 | 104,9 |
газойльдер (дизельдік отын), млн.тонна | 0,2 | 69,6 |
портландцемент, млн.тонна | 0,2 | 77,1 |
жазық илек, млн.тонна | 0,2 | 101,0 |
тазартылған мыс, млн. тонна | 0,03 | 107,2 |
электр энергиясы, млрд.кВт.сағ. | 8,7 | 97,5 |
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024