Исландия премьер-министрі Сигмюндюр Давид Гюннлёйгссон Халықаралық журналист-зерттеушілер консорциумының офшорлық компаниялар туралы жарияланымынан кейін отставкаға кетті. Бұл туралы Financial Times хабарлайды.
Офшорлар туралы жанжалдан кейін Гюннлейгссон парламентті таратуға тырысқан еді, бірақ президент рұқсат бермегеннен кейін отставкаға кету туралы шешім қабылдаған. Басылымның жазуынша, ол Исландияның Даму партиясының көшбасшысы болып қала береді. Жаңа премьер-министр ретінде елдің ауыл шаруашылық және балық шаруашылығы министрі Инги Йонассон тағайындалды. Осыған дейін он мыңдаған адам Рейкьявик орталығына митингке шығып, Гюннлейгссонның отставкаға кетуін талап еткен еді. Журналистер жариялаған құжатта бұрынғы премьер-министр мен әйеліне Панамадағы офшорлармен байланысы бар компания тиесілі деп жазылған. Сол компания көмегі арқылы үлкен сомадағы қаражат салықтан жалтарып отырған. Зерттеу авторлары Гюннлейгссонды құпия офшорлы компания арқылы ел банкіне салыну тиіс миллион долларлық инвестицияны жасырған деп айыптап отыр. Исландық шенеунік өзіне тағылған айыптан бас тартты. Дегенмен журналистер Гюннлейгссоннан зерттеу туралы пікірін білдіруді сұрағанда ол орнынан тұрып, кетіп қалған еді. 3 сәуірде Халықаралық журналист-зерттеушілер консорциумы мемлекет басшыларының офшордағы қаражаты туралы ақпарат жариялады. Салықтан ақшаларын жасырғандардың тізімінде 140-қа жуық әлемдік көшбасшылар мен спортшылар бар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024