Әлемдік БАҚ-та Панамалық Mossack Fonseca заң компаниясы қызмет көрсететін 214 мың компанияның тізімі жарияланды. Тізім бірден жұртшылық назарын аударып, талқыға түсе бастады. Басты себеп түрлі мемлекет басшылары мен лауазымды тұлғаларының офшорда жасырылған миллиардтаған қаражатына қатысты болып отыр. Офшор деген не? Оның айналысындағы сансыз терминдердің мағынасы не? 7kun.kz толығырақ түсіндіреді.
Офшорлардың қалай жұмыс істейтіндігін білу үшін алдымен көп адам түсіне бермейтін терминдер мен схемаларды түсініп алу керек. Ендеше назарларыңызға негізгі түсініктерден құралған глоссарий ұсынып отырмыз. ОФШОР Резидент емес компаниялар үшін салықтары төмен немесе мүлдем босатылған елдер мен юрисдикциялар осылай аталады. Олардың иелеріне бизнеске қатысын жасыру үшін үлкен мүмкіндіктер берілген. Офшорлы елдерге Кариб бассейнінің арал мемлекеттері жатады: Панама, Белиз, Британ Виргин аралдары. Сенімді офшорлар тізіміне американың Делавер штатын да қосуға болады. ТІРКЕУШІ АГЕНТІ Офшорлы аймақтардың басым көпшілігінде бизнесмен компаниясын тікелей тіркей алмайды. Ол үшін тіркеуші агенттің көмегіне жүгінеді. Соларды бірі ретінде, мысалы Mossak Fonseca (MF)-ты алуға болады. Тіркеуші агент компания тіркеу үшін құжаттарды өз атынан тапсырады. Онда директорлар мен еншілес иегерлердің реестрі сақтаулы болады. Заң бойынша, тіркеуші агент компанияның шын иесі кім екенін білмеуі тиіс. Офшорды тіркеу үшін болашақ иегердің төлқұжаты, банктің ұсыныс хаты және тұрғылықты мекен-жайын растау үшін қандай да коммуналдық қызмет үшін төленген шоты қажет. «ПЕП» (АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ PEP – POLITICALLY EXPOSED PERSON) Бұл шартты сөзді тіркеуші агенттер саясаткерлермен немесе солардың жақындарымен бірлесіп жұмыс істегенде қолданады. Яғни «пеп» деген белгісі бар болса, жасалатын келісімдер өте мұқият қаралуы керек дегенді білдіреді. Бірақ MF құжаттарына қарасақ, әрдайым солай бола бермейді екен. ТІРКЕУ БАРЫСЫНДАҒЫ ДЕЛДАЛДАР Бизнес пен бизнесмен арасындағы делдал жалғыз тіркеуші агент қана емес. Тұтынушының атынан жасалатын істерді көп жағдайда оның активтерін басқаратын компаниялар жүргізеді. Делдалдардың тізбесі өте ұзақ болуы мүмкін. Мысалы, тұтынушының атынан банк қызметкерлері жұмыс істеуі мүмкін. Ал олар болса, өз кезектерінде заңды компанияларды жалдайды. Соңында заңды компаниялар тікелей тіркеуші агентпен жұмыс істейді. АКЦИЯ ҰСЫНУ Компанияның шын мәнісіндегі бенефициарын жасырудың ең сенімді әдістерінің бірі. Компания иесі деп осындай акциялар шығарған және соның қолында осы акциялар расымен бар адамдар танылады. БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰРЫЛТАЙШЫ Көп жағдайда белгіленген иелері ретінде офшорлы юрисдикцияларда тіркелген өзге компаниялар немесе заңды тұлғалар - арал мемлекеттерінің тұрғындары бекітіледі. Негізгі иелік етуші «белгіленгенмен» сенімгерлік келісім жасасады. Ол жерде «белгіленген адамның», (Сейшель аралдары секілді жердің тұрғыны болуы мүмкін) айталық, ресейлік бенефициардың мүддесінде ғана қызмет ететіндігі атап көрсетіледі. БЕЛГІЛЕНГЕН ДИРЕКТОР Негізгі иелік етушіні жасырудың келесі тәсілі – белгіленген директор тағайындау. Ол адам құжаттарға қол қоюмен ғана шектеледі. Яғни қандай да бір келісімдер жасасу барысында шешім шығара алмайды. Арал мемлекетінің бір тұрғыны бір уақытта ондаған, тіпті жүздеген компанияның директоры бола алады. Қағаз жүзінде миллиардтаған долларға иелік етіп, шын мәнісінде кеңсе қызметкерінің қарапайым ғана жалақысын алады. КОМПАНИЯ АТЫНАН ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫН БЕРЕТІН СЕНІМХАТ Ағылшын тілді әлемде бұл құжатты Power of Attorney деп атайды. Бұл қағаз, негізінен компания бенефициарына, яғни шын иесінің атына немесе соның сенімді тұлғасының атына жазылады. Осылайша иелік етуші директордың лауазымына ие болады да, бірақ диркторлар тізіміне енгізілмейді. Демек оның құпиялылығы сақталады деген сөз. ДАУЫСЫН БЕРУ (PROXY) Кей жағдайларда белгіленген директор негізгі иелік етушіден құжатқа қол қоюын сұрайды. Ол құжат Proxy деп аталады. Келісімдер күмәнді болып көрінсе немесе ірі көлемдегі ақшаға қатысы бар болатын болса директор компанияның ешқандай келісім жасамағандығын көрсету үшін, өзін «қорғауы» керек. Яғни оның қолында аталған құжат болуы тиіс. Негізгі иелік етуші белгіленген директорға қандай да бір құжаттарға қол қоюға рұқсат еткендігін куәландырады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024