Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Белгілі ақын, саясаткер Олжас Сүлейменов саяси партия құратынын Алматы қаласында өткізген арнайы жиында мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Олжас Омарұлы жариялаған партия атауы «Қазақстан Халық конгресі» деп аталады. Ұраны: «Жер және оның қойнауы халықтікі!» Ақын партия құратынын ақпан айының соңында да хабарлаған. Сол уақытта партияны тіркету үшін 15 мың қол жинап қойғанын да мәлімдеген.
86 жастағы саясаткер ақын осы аттас партияны 1991 жылы құрып, өзі тең төрағасы болған. Ақын Мұхтар Шаханов та тең төраға болды. Алайда 1993 жылы Шаханов партиядан кетіп Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі болды. Ал Олжас Сүлейменов 1995 жылы Италияға елшілікке кетті. Содан кейін саяси ұйымның белсенділігі біртіндеп төмендеп, ел есінен ұмыт болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024