Алматы. 4 қараша. 7kun.kz — Осы жылдың он айындағы азық-түлік бағасы (2019 жылғы қазан 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда) 7,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар-3,8%-ға өсті, ақылы қызметтерге - 0,1%-ға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінде хабарлады.
2019 жылдың басынан баға күрішке – 22,5%-ға, ұнға – 19,9%-ға, мұздатылған балыққа – 16%-ға, қой етіне – 15,6%-ға, жармаға – 15,4%-ға, картопқа – 15,3%-ға, сиыр етіне – 15%-ға, нанға – 13,4%-ға, жылқы етіне – 12,9%-ға, құс етіне – 11,2%-ға, шошқа етіне – 10,5%-ға, макарон өнімдеріне – 9,9%-ға, кофеге – 9,2%-ға, құс етіне – 11,2%-ға, шошқа етіне – 10,5%-ға, ет – 9%-ға, ірімшікке – 8,3%-ға, сары майға - 7,6%-ға, бөлке және ұн өнімдеріне - 7,4%-ға, шайға - 6,3%-ға қымбаттады. Салқындатылған сусындар – 11,2%-ға, темекі өнімдері - 10,7%-ға, алкогольді ішімдіктер - 7%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі жаңа піскен көкөністерге 14,1%-ға, құмшекерге – 14%-ға тіркелді.
Бағаның өсуі оқу-анықтамалық әдебиеттерге – 7,6%, кеңсе тауарларына – 6,3%, автомобильдерге – 6,2%, фармацевтикалық өнімдерге, құрылыс материалдарына – 5,8%-дан, киім және аяқ киімге – 5,3%, тұрмыстық аспаптарға – 5,1%, тоқыма бұйымдарына, жиһаз бен үй тұрмысына қажетті заттарға – 4,9% - дан, жеке пайдалануға арналған тауарларға - 4,6%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 4,5%-ды құрады. Бензин бағасы 4,5%-ға, баллондағы сұйытылған газ – 0,9%-ға, дизель отыны - 0,7%-ға арзандады.
Сондай-ақ, санаторийлер қызметтеріне баға деңгейі 8,1%-ға, мәдени іс-шаралар саласында – 6,3%-ға, денсаулық сақтау саласында – 5,3%-ға, құқықтық қызметтер, жеке көлік құралдарын сақтандыру - 5%-дан, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары - 4,9%-ға, қоғамдық тамақтану - 4,6%-ға, экскурсиялар мен демалыс үйлеріне жолдамалар - 4,3%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10,1%, суық суға – 8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 4,9%, таратушы желілер арқылы тасымалданатын газға – 4,4%, қоқыс шығаруға - 3,6% төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024