Экономика
Он екінші желтоқсанға арналған метал және мұнай бағамдары
Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Он екінші желтоқсанға арналған метал және мұнай бағамдарының бағасы анықталды.
Мұнай: Сейсенбілік саудада мұнай бағасы шамамен $1-ге өсті. Әлемдік акциялар нарықтарының көтерілуі, доллардың аздап әлсіреуі және Ливиядағы өндірудің төмендеуі мұнай бағасының көтерілуіне әсер етті. 22:15-те Brent мұнай фьючерстері барреліне 1,47 пайызға дейін көтерілді. WTI мұнайының американдық түріне фьючерстер осы сәтте барреліне 52,17$ белгісінде қымбаттады, бұл алдыңғы жабу деңгейінен 2,29 пайызға жоғары.
Металдар: Соңғы бес айдағы ең жоғары көрсеткіште қымбаттағаннан кейін алтын бағасы қайта төмендеуге көшті. 22:15-те Нью-Йорктегі Comex биржасында ақпан айындағы алтын фьючерсінің бағасы 0,10(0,00%) долларға төмендеп, бір троялық унциясы 1 249,10 долларға сатылды. Күміс фьючерстің құны 0,55% — ға көтеріліп, бір троялық унциясы 14,6 долларға сатылды.
Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 22:17-де bitcoin 3394,59 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші крипто-валюта 3,62%, – ға арзандап, ал оның капитализациясы 59 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 4,14% – ға төмендеп, 87,81 долларға сатылды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 9,1 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы — 124,8 млрд доллар.