
Алматы. 1 маусым. 7kun.kz - 2016 жылы Қазақстанағы мейрамхана мен қонақ үй бизнесінің табысы 6 есе артты. Бір жыл ішінде таза табыс көлемі 56,4 млрд теңгеге дейін өскен. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
Бұл 2015 жылғы кіріс көлемінен қарағанда 6 есе көп. 2015 жылы табыс 9,8 млрд теңгені құраған. Қонақ үй және мейрамхана бизнесі 2015 жылғы құлдыраудан кейін қайтадан табысын арттырды.
Өткен жыл қазақстандық мейрамханалар мен қонақ үй бизнесі үшін табысты жыл болды. 2016 жылы көрсетілген қызметтің жалпы құны 517,6 миллиард теңгені құраған. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 29 пайызға көп.
2016 жылы ірі және орта бизнестің табысы 20 пайызға (58,7 млрд тг), ал шағын бизнестің кіріс көлемі 54 пайызға (57,1 млрд тг) дейін ұлғайған.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025