Алматыда 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап енгізілген "Оңай" электронды көлік картасы арқылы бес күн ішінде 140 млн теңге көлемінде жол ақы төленді. Бұл туралы «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.
"Ең көп транзакция 15 қаңтарда жасалды. Жұма күні Алматының қоғамдық көліктерінде «Оңай» картасы арқылы 31 355 600 теңгеге 492 421 транзакция тіркелді", - делінген холдинг хабарламасында. Сондай-ақ, «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС тасымалдаушы компаниялармен бірлесіп, «Оңай» картасын бақылаушылардың жаңаша жұмыс істеу үлгісін әзірлегенін мәлімдеді. Енді жол ақысының төленген-төленбегенін тексеру барынша күшейтіледі. 2016 жылдың 18 қаңтарынан бастап «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы және БАҚ өкілдерімен бірігіп, қаладағы қоғамдық көліктерде билетсіз жүрген жолаушыларды анықтау үшін арнайы рейдтер ұйымдастырмақ. Айта кетейік, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап, қалада барлығы 560 827 «Оңай» көлік картасы сатылып, таратылған. Олардың ішінде жеңілдік бойынша таратылған «Оңай» көлік карталарының саны - 346 741, ал сатылған бірыңғай көлік карталарының саны - 214 086. Фото: khabar.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024