Оңтүстік Қазақстан облысында прокурорлық актілердің қаралу нәтижесінде мемлекеттік бюджетке нақты 21,6 млн теңге қаржы өндіріліп, кадастрлық құны 102 млн теңгені құрайтын, көлемі 5,4 мың гектар болатын (шамамен, 80 жер телімі) жер учаскелері мемлекетке қайтарылған. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы Рүстем Дүйсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды облыстың баспасөз қызметі.
Мәселен, облыстық прокуратура өкілдері мен қала әкімдігінің қызметкерлері бірлесіп жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, Шымкент қаласының аумағында жалпы көлемі 39 гектарды құрайтын 452 жер учаскесінің өз бетінше иелену деректерін анықтаған.
Мұндай деректер «Құрсай», «Сайрам», «Тассай», «Исфиджаб», «Абдулабад», «Базарқақпа», «Тұрдыабад», «Бадам-2», «Қарабастау», «Жалын», «Бадам-1», «Азат» тұрғын үй алабтарында орын алған.
Осындай фактілерді келтірген құзырлы орган өкілдері аталған аумақтардың орталықтандырылған инженерлік жүйелерге қатысты мәселелері мен жер учаскесіне құқық беретін құжаттарының болмауына байланысты азаматтардың мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді толық қолдана алмай отырғанын жеткізді.
«Облыс прокуратурасының алқа мәжілісінің ұсынысы бойынша 2015 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласы әкімдігімен проблемалық мәселені шешу бағытында, тұрғын үй құрылысы жүргізілген аумақтардың құқықтық мәртебесін анықтау және жер пайдаланушылардың жауапкершілігін қарастыру жөнінде жұмыс тобы құрылған», - деді Р.Дүйсенбаев.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024