Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды
Алматы. 29 шілде. 7kun.kz – Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұрғызамын деп алматылықтардан 2 млн теңге алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
27 жастағы күдікті интернетке Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналасуға және жұмыс визасын алуға көмектесу туралы жалған хабарландырулар орналастырып, адамдарды алдаған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам жасырынып қалған. Қазір сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алаяқтық бойынша бір өндіріске біріктірілген 2 дерек тіркелді.
«ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігінің 3-4 тармақтарына сәйкес қылмыс жасады деген күдік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ц. есімді азамат ұсталды. Ол қамауға алынды», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Күдіктінің іс-әрекеті екі және одан да көп адамға қатысты алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін бірнеше рет ұрлау деген баппен квалификацияланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024