Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылы Қазақстанның солтүстік өңірлеріне 10 мың адамды көшіру үшін 1,7 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте мәлімдеді.
«Ағымдағы жылы халықтың ұтқырлығын арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Осы мақсатқа биыл солтүстік өңірлерге 1,7 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебінен биылғы жылы 2 253 отбасын немесе 10 мыңға жуық адамды көшіру жоспарланып отыр. 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін жұмыс күші мол оңтүстік өңірлерден 478 отбасы немесе 1 703 адам көшірілді, оның ішінде 500 адам немесе 65% жұмысқа орналастырылды», - деді Жылқыбаев.
Сондай-ақ, ол бағдарламаны іске асырудың соңғы екі жылында еңбек тапшы өңірлерге 3 мыңнан астам отбасы немесе 11 мыңға жуық адам қоныс аударғанын еске салды. Қоныс аударғандардың 5 мыңнан астамы еңбекке жарамды. Олардың 3 600 немесе 67% адам жұмысқа орналасты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024