Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) Венада өтетін маусым кездесуінде мұнай өндірісін шектеу туралы жоспарды қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Картельдің өндірілетін шикізат көлемін шектеу туралы жоспарындағы өзгерістер туралы ұйымдағы 6 дереккөз хабарлаған. ОПЕК мүшелері апта ортасында Венадағы жеке кездесуге келіп, нарықтағы фундаментальды факторлар және мұнайға деген сұраныстың артуы туралы мәселені талқылады.Еске салайық, осыған дейін Дохада өткен мұнай өндіруші елдердің кездесуі ұзақ келіссөздерден кейін нәтижесіз аяқталып, ресми құжатқа қол қойылған жоқ. Бұл жаңалық нарыққа әсерін тигізіп, баға 7%-ға дейін төмендеді. Кейінірек келіссөздердің келесі кезеңі маусымда өтетіндігі туралы хабарланды.
Бүгінгі сауда кезінде мұнай бағасы 1%-ға өсті. Астана уақыты бойынша 11:15-те Brent маркасының бір баррелі 45,22 доллардан саудаланды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024