Оңтүстік Қазақстан облысында қант зауытын ашу жобасы таяуда өңірде өткен «Ontustik Invest-2016» форумы кезінде ОҚО әкімдігі мен «Jamal Al Ghurair Est» компаниясы арасында түзілген меморандум нәтижесінде жүзеге аспақ. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қант зауытының құрылысын бастауға жер телімін қарастыру үшін таяуда Шардара ауданына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Сапар кезінде шетелдік компанияның өкілдері жергілікті шаруалармен кездесу ұйымдастырып, зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін ондағы егістікке қант қызылшасын егу жайын талқылады. Бұл шаруалардың еккен қызылшасын үнемі зауытқа өткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жиында суармалы жерлердің тапшылығын су каналдарын қайта жөндеуден өткізу арқылы шешу мәселесі көтерілді. Өз кезегінде, «Jamal Al Ghurair Est» компаниясының өкілі аталған мәселені шешу ісіне қатысуға дайын екенін жеткізді. Қазіргі таңда жобаны жүзеге асырудың техникалық-экономикалық кезеңі әзірленуде.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024