
Орал. 21 сәуір. 7kun.kz - Оралда шетелдік компанияларға жұмысқа орналастырамын деп отыздан астам адамды алдап соққан алаяқ ұсталды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Полицияның қолына түскен 36 жастағы күдікті Сырым ауданының тумасы. Алданғандардың дені Ақсай қаласындағы «Шлюмберже» кәсіпорнына кірмек болып, әрқайсысы 120 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін ақша ұстатқан.
Тергеу барысында оның бұрын да алаяқтық әрекеті үшін істі болып, 3 жылдай мерзімін темір тордың арғы жағында өткізгені анықталды. Пысықай ол кезде тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен үй беремін деп тоғыз адамды тақырға отырғызған. Полиция алаяқтан зардап шеккен өзге де тұрғындар болса, шұғыл түрде хабарласуды сұрайды.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025