Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оралда іскерлік журналистиканың жай-күйі талқыланды

Оралда  іскерлік журналистиканың жай-күйі талқыланды

Орал. 8 шілде. 7kun.kz - Орал қаласында іскерлік журналистика тақырыбында талқылау мен Батыс Қазақстан облысы журналистеріне арналған шеберлік сағаты өтуде.

Шараны АҚШ елшілігінің қолдауымен "Мінбер" журналистерді қолдау орталығы" ҚҚ ұйымдастырған.

"Қыркүйек айында АҚШ елшілігінің қолдауымен қазақ тілінде "Іскерлік журналистика" нұсқаулығы жарық көреді. Нұсқаулықты дайындау барысында БҚО, Түркістан облысындағы журналистермен кездесіп, пікірлерін тыңдап, іскерлік журналистика туралы ақпарат беруді мақсат тұттық. Жиналған ақпарат, талап, ұсыныстарын кітапты дайындау барысында ескереміз", - дейді "Іскерлік журналистика" нұсқаулығы жобасының авторы Ербол Азанбек.

Жоба аясында белгілі медиа тренер Асхат Еркімбай, "Мінбер" қорының төрайымы Есенгүл Кәпқызы шеберлік сағатын өткізуде. Оған "Жайық пресс" ЖШС қолдауымен БҚО облыстық, аудандық, Орал қалалық газеттерінің 20 тілшіcі қатысуда.

Айта кетейік, тұңғыш рет қазақ тілінде шығатын "Іскерлік журналистика" нұсқаулығы қыркүйек айында жарыққа шығады.

Похожие материалы