Оралда студенттерді диплом қорғай салысымен әскери комиссариатқа алып кеткен
Орал. 15 маусым. 7kun.kz – Студенттерді Оралдағы жоғары оқу орнынан тікелей әскери комиссариатқа алып кеткен, деп хабарлайды 7kun.kz «Мой город-қа» сілтеме жасап.
«Кеше диплом қорғау болды. Комиссариат қызметкерлерін сонда жіберіп, студенттермен әңгімелестік. Әскерде қызмет етуге ниет білдіргендер жиналу пунктіне өз еркімен келіп, медициналық тексеруден өтіп, қызмет етуге дайын екендерін көрсетті. Біз мұны студенттер әскерге шақырудан жалтарғандықтан жасадық, бәрі заңды», – дейді Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Руслан Әміржанов.
Алайда оның орынбасары Альберт Бекмұханов студенттерді тікелей университеттен ешкім алып кетпегенін, бұл жалған ақпарат екенін айтты.
«Студенттер мәжбүрлеп, күштеп алып кететіндей жағдай болған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында әскерге шақырылғандарды күштеп алып кетті деген ақпарат жүр, бізде ондай фактілер жоқ. Барлығын растай алатын екі әскер қатарына шақырылушы бар», – деді Бекмұханов.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде БҚАТУ студенттері түсірген видео тарады. Онда олар өздерінің топтастарын іздеп, сыртта күтіп жүргендерін хабарлады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024